«Жаңа мүмкіндік - жарқын болашақ» атты онлайн кездесу

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана онлайн форматта ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын талқылады. «Жаңа мүмкіндік - жарқын болашақ» деген тақырыппен өткен онлайн кездесуге Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры Жарқынбек Амантайұлы, Май аудандық мәслихатының депутаты Қарлығаш Түсіпбекова және басқа да мәдениет саласының мамандары қатысты. Кездесуде мемлекет басшысының мақаласы жан-жақты талқыланып, қатысушылар ой-пікір алмасты. Әсіресе, жерді шетелдіктерге сатпау, мәдениет саласының өкілдеріне, тарихшылар мен қаламгерлерге ерекше көңіл бөлу, дарынды жастарды қолдау секілді мақаладағы ойлар қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.