«Жаңа уақыт – ауылдық кітапханаларды дамытудың жаңа кезеңі» шеберлік сыныбы

9 сәуір күні С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кәсіби шеберлік мектебінде» Ақтоғай ауданының ОКЖ ауылдық кітапханашыларына арналған «Жаңа уақыт – ауылдық кітапханаларды дамытудың жаңа кезеңі» тақырыпты оқыту өтті.

Курс бағдарламасына кітапхана бойынша экскурсия, тренингтер, оқыту шеберлік сыныптар оқытулары кіреді. «Кітапханалық жобаны жасау және жылжыту, шығармашылық идеяларды жүзеге асыру формасы ретінде» практикумы кітапханашыларға жобаларды және кітапханалардың даму концепциясын жасауға, өз жобаларын бірте-бірте іске асыру ұсыныстарын алуға мүмкіндік берді.
Әріптестер «canva.cоm» бағдарламасы көмегімен әлеуметтік желілерде афишалар мен анимацияларды жасауды үйренді. Заманауи кітапханалар қазіргі кезде жұмыстарын жарнамалық қызметсіз елестете алмайды. Кітапхананың жағымды бейнесін қалай жасау керек, оқу жайлы ой-пікірді қалыптастырып, әлеуметтік желілерде кітапхананы қалай көрсету керек? Кітапхананы жылжытудың барлық инструменттерімен жұмыс жасауға «Кітапхана жарнамасы – оқуды жылжыту инструменті ретінде» шеберлік сабағы көмектесті.

Шеберлік сабақтар қызықты өтіп, барлық қатысушылардың көңілінен шықты. Кітапханашыларға сертификаттар берілді, сонымен қатар осындай кәсіби кездесулердің жиі өтуі жайлы тілектер айтылды.