Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті достар! С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұжымы Сіздерді Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге келіп жеткен 2022 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз!

Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

1-2 қаңтар – демалыс күндері, кітапхана жұмыс істемейді. 3-4 қаңтар кітапхана сағат 10.00 – 18.00 аралығында қызмет көрсетеді.