«Жаңа жылдық ертегі» атты мерекелік кеш

27 желтоқсан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері «Самал» оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне «Жаңа жылдық ертегі» атты мерекелік кеш өткізді. Шара барысында қатысушылар Жаңа жыл туралы көптеген қызықты деректермен танысты. Сондай-ақ «Жаңа жыл - ғажайып мереке» атты танымдық бейнешолу көрсетілді. Іс-шараның сонында «Самал» оңалту орталығының тәрбиеленушілері Жаңа жыл мерекесіне арналған өлеңдерді мәнерлеп оқыды.