Жаппай диктант жазудың қорытындылары жарияланды

27 сәуір күні облыстық кітапханада Жаппай диктант жазудың қорытындылары жарияланды. Биыл халықаралық акцияға 600 – ден артық адам қатысты, олардың ішінде 27 қатысушы үздік нәтиже көрсетті. Павлодарлықтар еліміздегі ең үздік нәтижелердің бірін көрсетті.

Ең жас қатысушы – Миша Кухарев – 1 сыныпта оқиды. Ең ересек қатысушы – кітапханамыздың тұрақты оқырманы Дмитрий Никифорович Фалеев – 91 жаста. Ол данышпан дипломымен және озат сертификатымен марапатталды.
Біздің қаламызда Жаппай диктант жазу алтыншы рет өтті.