«Жарқын жастық – баянды болашақ» атты кездесу кеші

24 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына арналған «Жарқын жастық – баянды болашақ» атты кездесу кеші өтті. Қазақстанның еркіндігі мен тәуелсіздігін жақтаған желтоқсан оқиғасына қатысушы 80-ші жылдардағы жастар мен бүгінгі жастар өкілдері кездесті. Модераторлар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы және олардың Қазақстан тарихындағы маңызы туралы айтып, фотоматериалдарды көрсетті. Қонақтар - қатысушылар мен сол оқиғалардың куәгерлері Жақаева Сәуле Тілеубайқызы, Омарова Гүлнар Тегінбайқызы, Жанкаринова Сәуле Асылбекқызы өскелең ұрпақты Отанын сүюге шақырып, Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін атап өтіп, сол күндер, олар еңсеруге тура келген қиындықтар туралы естеліктерімен бөлісті. Студенттер Әлиақбар Айнұр, Дидар Силамханқызы, Қуандық Дильназ жастар атынан сөз сөйлеп, өлең оқыды.

Шараға Павлодар Педагогикалық Университетінің, Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің, Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің, Монтаждау колледжінің студенттері, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары қатысты.