С. Баязитовтың «Жарылыс» кітабы бойынша оқырман конференциясы

8 қыркүйек күні облыстық кітапханада Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығы аясында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Сүлеймен Баязитовтың «Жарылыс» атты кітабы бойынша оқырман конференциясы өтті.

Аталған шараның кіріспе бөлімі жерлес қаламгер С Баязитовтың өмірі мен шығармашылығына арналды, «Өмір өрнегін өз үнімен зерделеген» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды және «Жарылыс» романы туралы толық ақпарат берілді. Оқырман конференциясының негізгі бөлімінде үш тақырып бойынша баяндама оқылды:
1. «Бергі тарихтың беймәлім беттері»- Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудармашы Сатыбалдин Серік Қинаятұлы
2. «Көркем әдебиеттегі –полигон» - ардагер ұстаз Совет Әмірханов
3. «Романның қазақ әдебиетіндегі алатын орны» - Жұматов Ермек Сағымбайұлы - «Ардагерлер тағылымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Қорытынды бөлімде Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақтың Баян өңірінің жұртшылығына әкелген зардаптары «Жарылыс» романы бойынша талдау жасалынды. Автордың алға қойған басты идеясы ашылды. Семей полигонына арналған бейнекөрініс көрсетілді.

Іс шараға С.Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық университетінің педагогикалық колледж студенттері, зиялы қауым өкілдері, туыстары, оқырмандар қатысты.