Жас оқырмандармен онлайн-кездесу

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық Академиялық кітапханасында келелі кездесу өтті. Әдеби шара Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылын көпшілікке насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, мемлекет және қоғам қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мырзатай Жолдасбеков, жыршы, манасшы, ақын Баянғали Әлімжанов, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Дәулеткерей Кәпұлы қатысты. Сондай-ақ аталған шараға еліміздің әр өңірінен әдебиет сүйер балалар қатысып, аға буынның ақыл-кеңесін тыңдады. Павлодар өңірінің жас жеткіншектері де әдеби шарадан тыс қалған жоқ.

Павлодарлық оқушылар атынан сөйлеген жас ақын, әнші Шыңғыс Асығатұлы өз ойын ортаға салып, жас достарына ертегілер мен батырлар жырын жаттап, Абай, Мұқағали, Бердібек Соқпақбаевтың туындыларын оқуға кеңес берді.