«Жас Time – Жастар уақыты. Аққулының жаңа тынысы»

25 мамырда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Облыстық кітапханадағы ОКЖ күні» жобасы аясында Аққулы ауданының кітапхана мамандары қала тұрғындары мен облыстық кітапхана оқырмандарын «Жас Time – Жастар уақыты. Аққулының жаңа тынысы» жобасымен таныстырды.

Жоба аясында оқырмандар Аққулы аймағының жас, өнерлі жастарының жетістіктерімен танысты. Көрермендер назарына Аққулы ауданының суретшілері, фотографтары, жас ақындары мен жазушыларының «Art and photo gallery» көрмесі ұсынылды. Диалог алаңында ақындар, жазушылар, шығармашылық тұлғалар, блогерлер, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің фотографы Исабек Есенжол сөз сөйлеп, шеберлік сыныптарын өткізді.

Сондай- ақ, «Жастар Live – el Zhastary» пилоттық кітап-жобасының тұсаукесері болды. Аққулы тумасы - И Байзақов атындағы облыстық филармонияның белгілі солисі Наталья Процкая мен «Күлкі фабрикасы» КВН командасының капитаны - Бердімұрат Құдайберген сөз сөйледі.