«ZhaStar» (Бизнес)

22 тамыз күні облыстық кітапханада «ZhaSTAR» қазақстандық-ресейлік жобасы аясында 6-шы кездесу өтті. Кездесу бизнес тақырыбында өтті.
Кештің басты кейіпкерлері – Павлодар облысының жас бизнесмендері мен бизнесвумендері: Акул Мадьян – «iDubai» атты араб парфюмерия дүкенін ашты, «LIKE ЦЕНТР» атты халықаралық бизнес-қауымдастығының Павлодардағы басшысы; Каиркенова Мадина - FASHION сұлулық студиясының басшысы, Олег Ярый - кәсіпкер, бизнесті жүйелендіру саласындағы эксперт, ЮДа Мебель, EVITA, ARBELA компаниялардың тең құрылтайшысы; Нургалиева Асель - SMM агентствосын құрушысы, Инстаграм парақшасын жылжыту бойынша тренер, «Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға орыс тілі және математика пәндерінен ережелер жинағының» авторы өздерінің табыстарының тарихымен жастармен бөлісті. Олар бизнестерін қалай бастағанын, қандай проблемалар кездескенін, оларды қалай шешкенін айтып берді. Әрқайсысы табысты болуына кітап оқудың үлкен әсер еткенін белгіледі. Кеш қонақтары көптеген сұрақтарға жауап берді. Кездесу Әсел Нургалиеваның Инстаграм парақшасында бизнесті жылжыту бойынша шеберлік сыныбымен аяқталды.