Жастардың еңбекке құқығы

29 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ бас маманы, еңбек инспекторы Темірхан Мақсұтұлы Махомбетовтің «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» КАБ медиаторы Марина Анатольевна Ивановамен бірлесіп, «Павлодар қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ маманы Дария Ехсаровна Бултыкованың және Павлодар жоғары басқару колледжі мен Павлодар жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің студенттері қатысуымен «Жастардың еңбекке құқығы» атты құқықтық сағаты өтті.

Оқушылар еңбек шарты ұғымдарымен, жалақыны, демалыс және зейнетақы төлемдерін аудару тәртібімен танысты. Студенттер жастардың еңбек тәжірибесі мәселесіне қызығушылық танытты. «Еңбек адамы» әлеуметтік бейнеролигі көрсетілді.