«ZhaSTAR» жобасы: бейнелеу өнері

28 наурыз күні облыстық кітапханада «Қазақстан-Ресей ынтымақтастық «ZhaSTAR» жобасы аясында екінші кездесу өтті.

Бұл жолы бейнелеу өнеріне арналды. Кештің басты кейіпкерлері әртүрлі стильде жұмыс істейтін, талантты суретшілер. Новосібір суретшілері Марина Веселова мен Дарья Павлова, Дельфий ойындарының жүлдегерлері, бірнеше байқаулардың лауреаттары коллаж құрудан шеберлік сыныптарын өткізді. Павлодарлық өнерді графикалық дизайнер леттеринг-әртісі Нургуль Турганбекова, граффити-суретші Руслан Касимов және абстракция өнерінің шебері Роман Павлов көрсетті. Кеш қаламыздың шығармашыл жастары арасында үлкен қызығушылық тудырды.