«Жасыл планета» экологиялық лекторийі: «Павлодар қаласының құрылу тарихы»

20 ақпанда қаламыздағы №3 мектеп-лицейінің оқушыларының қатысуымен "Жасыл планета" экологиялық лектория отырысы өтті. Павлодар қаласының География үйінің өкілі, қоғам қайраткері, саяхатшы Владимир Густавович Борман кітапхана қонақтарының назарына "Павлодар қаласының құрылу тарихы" тақырыбында дәріс ұсынды. Павлодар экологиялық мектебінің қосымша білім беру педагогы Наталья Николаевна Губарь биоалуантүрлілікті сақтау мәселелеріне арналған "Экологиялық ассорти" зияткерлік экологиялық ойынын өткізді.