«Жасөспірім қыздарға кеңес»

26 ақпан күні облыстық кітапханада №11 жалпы білім беретін модульдік мектеп оқушыларының қатысуымен «Салауатты өмір салты» клубының отырысы өтті. Павлодар қаласы №2 емхананың гинеколог-дәрігері Л.А.Малышенко оқушыларға жыныстық өмірді ерте бастаудың қауіп-қатері мен алдын алу әдістері туралы әңгіме өрбітті. Маман жасөспірім қыздардың сұрақтарына жауап беріп, кәдеге жарар кеңестер берді.