«ЖАЗУШЫ, АҚЫН, СЫНШЫ, АУДАРМАШЫ» АТТЫ ДӘРІС

27 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Тіл өнері» халық университеті аясында аса көрнекті қазақ жазушысы, көркемсөз зергері Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл толуына орай, «Жазушы, ақын, сыншы, аудармашы» атты дәріс өтті. Дәрісті ф.ғ.к., С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Серік Төлеубайұлы Елікбай жүргізді.

Шараға Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің оқушылары қатысып, Т. Әлімқұловтың өмір жолы және шығармашылығымен, «Ақ боз ат» романы, «Жұмбақ жан» зерттеу кітаптарымен танысты. «Прозаның алғыр зергері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.