Жаңа 2023 жыл құтты болсын!

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұжымы Сіздерді келе жатқан Жаңа 2023 жылмен шың жүректен құттықтайды! Ескі жыл естен кетпес естеліктермен есте қалып, келіп жеткен жаңа жыл жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға толы болсын! Жаңа жыл әрбір игі істер мен жаңа бастамаларға жол ашып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, бастаған істеріңізге табыс, жанұяларыңызға амандық пен бақ-дәулет тілейміз!

1-2 қаңтар – демалыс күндері, кітапхана қызмет көрсетпейді.