Жеңіс күні құтты болсын!

Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, майдангер ұрпақтары!
 
Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңістің мерейлі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.
 
Арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз. Ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы. 
 
Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ашық аспан, нұрлы күн мен тыныш түн, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
 
Құрметпен: С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұжымы
 
9 күні кітапхана жұмыс істемейді.