«ЖЕР-АНА БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ» АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ВИКТОРИНА-ОЙЫНЫ

26 қыркүйек күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде экологиялық мәселелер төңірегінде «Зерде» зияткерлік клубының отырысы болып өтті. Клуб қонақтары №22 жалпы орта білім беру мектебінің 3 «Д» сынып оқушылары. Іс-шара барысында балалар «Жер-Ана біздің ортақ үйіміз» атты экологиялық викторина-ойынына қатысты, «Экологиялық бағдаршамның» сұрақтарына жауап берді, ойжұмбақ, кроссворд шешті, мақал-мәтелдерді тауып, экологиялық мәселелер жөніндегі баяндамаларымен сөз сөйледі.

Жиналғандар «Жер-Ананы жасыл етіп сақтайық!» деген ұранмен кітапхана оқырмандарына үндеу жасап, ой қосты. Аталмыш іс-шара «Табиғат ордасы» атты кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.