20 наурыз - Жоралғы күні

Бұл қазақ халқының бай дәстүрі айшықталатын күн. Ежелден келе жатқан салт-жоралғыларының озығы сұрыпталатын сәт. Бүгінгі қазақ қоғамына достық пен мейірбандықты, адамгершілік деген ұлы қасиетті дәріптейтін дәстүрлер ауадай қажет.

Қолда барда алтынның қадіріне жетіп, баға жетпес мол қазынамызды дәріптейтін кез келді. Дәл осы күні адамдар ет жақындарына сыйлықтар тарту еткені жөн. Ұлық мерекеде сый-сияпатқа кенелген адам ұзақ уақыт алған сыйлығын естен шығармасы анық. Әрі ол адам да сізге керемет тосын сый жасауы үшін алдағы Ұлыс күнін асыға күтетін болады. Сіздің келер жылға аман-есен жетуіңізді тілейді.

Қазақ өзгенің көңілін табу арқылы өзіне бақыт сыйлайтын халық. Расымен де, айналаңызға қуаныш сыйлап, көтеріңкі көңіл-күймен жаңа жылды қарсы алу түсінген адамға баға жетпес бақыт.