Жоғарғы сынып оқушыларына арналған кəсіби сағат

31 қазан күні облыстық кітапханада «№7, №24 орта білім беру мектебі» ММ жоғарғы сынып оқушыларына арналған кәсіби сағат өткізілді. Кездесуде ПМУ машинажасау кафедрасының оқытушысы А.У. Камаров сөз сөйледі.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті туралы ақпаратымен бөлісіп, балаларға ПМУ студенттері академиялық мобильділік бағдарламасымен (АҚШ, Англия, Ұлыбритания, Испания, Германия, Польша, Чехия, Латвия, Түркия) әлемнің үздік университеттерінде оқу курсын алуға мүмкіндігі барын айтты. Университет оқудың барлық түрі бар, мамандықтар (68 бакалавриат, 48 магистратура) таңдауы көп, республикадағы алғашқы кәсіпкерлік жоғарғы оқу орны болып саналады. Оқытушы металлургия, машинажасау және көлік факультеттері туралы толығырақ айтып берді. Кітапхана қызметкерлері «Мир техники и технологий» атты кітап көрмесін тамашалауға ұсынып, библиографиялық шолу жасады.