ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КӘСІБИ САҒАТ

3 қазан күні облыстық кітапханада №18 жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сынып оқушылары үшін кәсіби сағат өткізілді. Кездесуде ПМУ электроэнергетика кафедрасының профессоры Б.К. Шапкенов сөз сөйледі.

Ол Павлодар облысының білім беру жүйесіндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындардың бірі болып саналатын, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті туралы ақпаратымен бөлісті. Кітапхана қызметкерлері «Энергетическая отрасль Казахстана» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады.