«Жыл мезгілдері. Көктем» тақырыптық экскурсиясы

27 наурызда Балалар кітабы апталығы шеңберінде №39 мектептің 1-4 сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандарының қатысуымен Ленин атындағы балалар саябағында «Жыл мезгілдері.

Көктем» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Бұл жолы балалар көктемді қарсы алды. Кітапханашылар көктем жайында, табиғатта орын алатын өзгерістер, көктемге байланысты ырымдар, жыл құстары туралы әңгімелеп, «Қыстап қалатын және жыл құстары» танымдық ойынын өткізді. Балалар жұмбақтарды шешіп, көктем туралы өлең оқыды, қимыл – қозғалыс ойындарын ойнады. Экскурсия соңында балалар жем салатын астауларды іліп, олардың ішіне құстарға арналған азық салды.