«Жылқы шаруашылығы –Коневодство» кітабының авторымен кездесу – кеші

2022 жылдың 11 сәуір күні сағат 12.00-де С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Жылқы шаруашылығы –Коневодство» кітабының авторы Асанбаев Төлеген Шонайұлымен кездесу – кеші өтті.

Төлеген Асанбаев 24.01.1950 жылы Павлодар облысы, Ямышев ауданы, Кеңіс ауылында дүниеге келген.

1972 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, ғылыми мал маманы біліктілігін алды.

Қазіргі уақытта С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің агротехнология факультетіндегі «Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасының профессоры (доцент).

Кездесу-кешіне Төлеген Шонайұлының әріптестері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ПМУ доценті Акильжанов Рахметолла Рамазанұлы, Уахитов Жастлек Жұмабайұлы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрлері Ибраева Айнұр Қанатқызы, Смайыл Алтын Сағынтайқызы қатысты.

«Сельское хозяйство – взгляд в будущее» тақырыбы бойынша Т.Ш Асанбаевтың кітаптарына шолу жасалынды.