«Жыр мен жыршы» жобасы

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы «Жыр мен жыршы» атты жаңа жобаны назарларыңызға ұсынады. Жоба аясында белгілі жыршы, Абайтанушы Даниял Әсенов және оның шәкірттері эпостық және лироэпостық жырларды жатқа оқиды.

Ендеше әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері жыршылардың өнерін әлеуметтік желі парақшаларында бірге тамашалайық!