Қыстағы концерт

8 ақпан күні қыс тақырыбына арналған «Вечор, ты помнишь, вьюга злилась» атты поэзиялық кеш өтті.

Іс-шара барысында павлодарлық ақындар А.Гаммердің, Н.Борисовскийдің, Н.Бевздің, «Иртышские казаки» ансамблінен С.Ещенкова мен Ж.Баженованың жетекшілігімен «Домовята» театр шеберханасының оқушыларының, Н.Юскаев, студенттер А.Казаков пен Е.Ляшконың орындауында қыс туралы бірнеше авторлардың  өлеңдері мен әндері шырқалды.

Әр дәуірде жазылған ақындардың және халық ақындарының көптеген лирикалық шығармаларын орындалды.

Қыс мезгіліне арналған өлеңдердің әдемі орындалуы мен сүйкімділігі шараға қатысушылардың барлығының қызығушылығын тудырды. Жиналғандардың назарына «Қыстың әсем мотивтері» атты көрмесі ұсынылды, мұнда қонақтар жылдың осы тамаша уақытын дәріптеген ақындардың көптеген туындыларын тамашалады.