Жаңа кітап оқырманға жол тартты

20 қазанда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Сәрсенбі – сәтті күн» жобасы аясында ақын, журналист, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Шолпан Байғалының «Ай-тұмар» кітабының таныстырылымы өтті. Кездесуге жергіліті «Ақсақалдар тағылымы» ҚБ-нің төрағасы Ермек Жұматов, ардагер ұстаз, аталған бірлестіктің мүшесі Қабидолла Әлібаев, ардагер журналист Гүлбаршын Дүрманова, сондай-ақ Павлодар қаласының №25 мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Әдеби жүздесу барысында ақын жаңа кітабының жазылу тарихына тоқталып өтті. Аға буын өкілдері кешегі мен бүгінгі қоғамға қатысты ой өрбітіп, ақынның жаңа кітабына жоғары баға берсе, жастар жағы көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толымды жауаптар алды.

Сондай-ақ, ақынның шығармашылығына арналып «Қаламнан туған қасиет!..» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.