КІТАПХАНАМЕН ТАНЫСУ

30 қазан күні Новочерноярка ауылы мектебінің оқушылары, Павлодар географиялық қоғамы ауылдық филиалының мүшелері облыстық кітапханамен танысты. Олар үшін кітапхананың барлық залдары мен бөлімдеріне экскурсия ұйымдастырылды. Балалар Maker Space шығармашылық алаңының іс-шараларына, сирек кітаптар қорына ерекше қызығушылық танытты және RFID технологиясы арқылы кітапты өз бетімен алып, тапсыру жолдарын үйренді.  Сондай-ақ, балалар «Два взгляда» сурет көрмесін тамашалап, туындылардың авторлары, суретшілер Ш.Шушаев пен А.Аткинамен танысты.