ZNANIUM.COM ЭКЖ

Құрметті оқырмандар!

Сіздер 23 желтоқсанға дейін облыстық кітапхананың ресми сайтында - бірегей энциклопедиялық және сөздік мақалалардың ондаған мыңы бар әмбебап анықтамалық ресурс - ZNANIUM.COM ЭКЖ пайдалана аласыздар, сондай-ақ кез келген ниет білдіруші 2 миллионға жуық құжаттарды: оқулықтарды, монографияларды, отандық және шетелдік мерзімді басылымдарды, авторефераттар мен жоғарғы оқу орындарының топтамаларын іздеуге, оқуға және жүктеуге қол жеткізе алады.