БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫ

8 ақпан күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында балалар ақыны, журналист және қоғам қайраткері Мүбәрәк Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің жұлдызы» атты әдеби сағат 1-сынып оқушылары арасында өтті. «Partyum жеке даму орталығынан» келген кішкентай оқырмандар М.Жаманбалиновтың шығармашылық өмірбаянымен танысты. Содан соң көрмеге қойылған «Кітап – ақылшы досың» «Ақын бала», «Ашық күн», «Жауқазын», «Аштық азабы» кітаптарымен танысты. Оқушылар «Әдеби калейдоскоп» ойынын ойнап, жұмбақтар шешіп М.Жаманбалиновтың өлеңдерін оқыды. Әдеби сағат кітапхананы аралаумен аяқталды.