«Звонкое лето – детства планета» көңілді ойындар күні

1 маусым күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Балаларды қорғау күніне арналған «Звонкое лето – детства планета» көңілді ойындар күнін өткізді. Іс – шара Ертіс жағалауында өтті.

«Жазғы оқулардың жарнамасы» кітап көрмесінде балаларға арналған қазақ, орыс және шетел әдебиеттері таныстырылды. «Алақай! Демалыс!» байқауы – ойын бағдарламасы ең білімпаз және білімқұмар балаларды анықтады. Жаз бойы жұмыс істейтін «Қызыл алма» арт кеңістігінің тұсаукесерінде қызықты шеберлік сыныптары ұсынылды. Балалар үшін мерекелік атмосфера жасалды, бұл балалардың шығармашылық дамуына ықпал етті. Іс-шараның әрбір қатысушысына тәтті сыйлық табысталды.