Зымыран жасау бойынша шеберлік сыныбы

Қазанның 16-17 күндері С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың негізінде ашылған Maker Space шығармашылық шеберханасында зымыран жасау бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Оған Алматы қаласындағы "Spacecraft" клубының өкілі, тренер Евгений Бовсуновский арнайы шақырылды.

Алдын ала жазылу арқылы шеберлік сыныбына 14 пен 17 жас аралығындағы 10 жасөспірім қатысты. Келесі күні балалар екі зымыранның моделін жасап, орталық жағажайда зымырандарын ұшырды.
Жылдамдық бойынша Дана Ташимованың зымыран моделі үздік болды. Шеберлік сынып соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді, ал жеңімпаз арнайы сыйлыққа ие болды.