Қаламнан туған қасиет

Бүгін С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Қаламнан туған қасиет» атты әдеби кездесу ұйымдастырылды. Шараға Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет арнайы қатысты.

Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Бақыт Беделхан мен Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы да жүздесуге қатысып, жергілікті қаламгерлермен пікір алмасты.

Шара барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Арман Қанидың «Туған жер төсінде», «Замандастар» кітабының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қаламгер Ғалымбек Жұматовтың «Анти ВИРУС» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Сонымен қатар әдеби жиын соңында Қазақстан Жазушылар одағына өңірімізден шыққан 5 бірдей қаламгер мүшелікке қабылданды. Бейбіт Бөжен, Қуанышбек Шарманов, Айбек Оралхан, Алпысбай Хонж, Еламан Қабділәшім секілді қаламгерлердің Қазақстан Жазушылар одағына ресми түрде қабылдануымен шын жүректен құттықтаймыз!