«ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ» АТТЫ ҰРПАҚТАР КЕЗДЕСУІ

4 қазан күні Қарттар күніне арналған мерекелік шаралар шеңберінде «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» тұратындар үшін «Қарттарым – асыл қазынам» атты ұрпақтар кездесуі ұйымдастырылды.

Облыстық кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары – С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері, №1 музыкалық мектептің және «Білім Инновация» дарынды ер балалар лицейінің тәлімгерлері музыкалық шашу дайындап, өлең оқыды. Алдыңғы буын өкілдері жастарға керемет көңіл-күй сыйлағандары үшін алғысын білдіріп, жанына жақын адамдарды бағалап, қадірлеуге шақырды.