«Қарымды қаламгер келбеті»

16 наурызда облыстық кітапханада жазушы, көсемсөзші, ақын, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайлау Байбосынның 65 жылдығына орай «Қарымды қаламгер келбеті» атты мерейтойлық әдеби кеш өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар мен өнерпаздар қатысты.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан ақынды құттықтап «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Қаламгерге арналып жылы лебіздер айтылып, еңбегі мен шығармашылығына қатысты пікірлер айтылды.