«Қазақ поэзиясының құлагері» реквием кеші

18 сәуір күні облыстық кітапханада қазақ жазушысы, ақын, драматург, аңызға айналған «Құлагер» және «Сағанақ» шығармаларының авторы Ілияс Жансүгіровтың 125-жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының құлагері» атты реквием кеші өтті.

Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері мен «Ардагер» санаторийінің ардагерлеріне жазушының шығармашылығы бойынша материалдар ұсынылды, Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы «История одного шедевра» атты бейнефильм көрсетілді. «Истоки» әдеби клубының мүшелері Ж.Садықов, Н.Млынцева ақынның шығармашылық жолының ең қызықты кезеңдерін талқылады. Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін таныстырды.