«Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері»

18 наурыз күні облыстық кітапханада «Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері» бейне дәрісі өтті.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің кәсіптік оқыту кафедрасының аға оқытушысы Г.С. Алинова ИнЕУ колледжінің студенттері мен «Ана тілі» орталығында білім алатын Ресей өңірлерінен келген қонақтарға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен мәдениеті, ұлттық қолөнері туралы әңгімеледі. Қолданбалы шығармашылық (кестелеу, киіз өнері, тоқымашылық, кілем тоқу, ши жасау, қазақ ұлттық киімі) туралы бейнеролик көрсетілді.