«Қазақ жерінің ұлы перзенті» бейне дәрісі

13 сәуірде балалар әдебиеті бөлімінде Қ.И.Сәтбаевтың 120 жылдығын мерекелеудің онкүндігі аясында «Қазақ жерінің ұлы перзенті» атты сенбілік бейне дәріс өтті.

Іс-шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Балалар өз өмірін табиғи ресурстарды зерттеуге арнаған ұлы ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы фильмді тамашалады. Содан соң ұйымдастырушылар мен шара қатысушылары сарқылмас еңбек сүйгіштіктің, ерік-жігер мен қайраттың үлгісі болып табылатын ұлы тұлғаның еңбектері туралы әңгімеледі.
Кітап көрмесінде ҚР ҒА тұңғыш академигінің ғылыми зерттеулеріне арналған мерзімді басылымдардан алынған мақалалар мен кітаптар таныстырылды.