«Қазақстанның халық жазушысы» әдеби сағаты

30 қазан күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде №15 мектептің 4 сынып оқушылары үшін М. Әлімбаевтың 95 жылдығына орай «Қазақстанның халық жазушысы» әдеби сағаты өтті.

Жиналғандар қазақ балалар әдебиеті классигінің шығармашылық өмірбаяны туралы ақпарат тыңдады, «Балалық шақтың базары. Балдырған - 60» көрмесінің материалдарымен танысты. Оқушылар өлеңдер оқып, антонимдерді тапты және жұмбақтар шешті. М.Әлімбаевтың көптеген әндерінің ішінен оқушыларға «Маралды» әнінің бейнеклипі көрсетілді. Іс-шара М. Әлімбаевтың өлеңдері, ертегілері мен аңыздары, қазақ тіліне аудармалары, туындыларының толық жинақтары және кішкентай кітаптары ұсыныған «Балалар әдебиетінің жарқын жұлдызы» кітап көрмесіне шолумен аяқталды.