«Қуатты қаламгер» оқу марафоны

Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығында оқу марафоны аяқталды. Сүлеймен Баязитовтың «Қарымды қаламгер» марафоны жазушы шығармашылығына, ақындығына, журналистік саласына, өлкетануға арналды. Оның повестері, әңгімелері, аңыздары, ертегілері, өлеңдері мен поэмалары республикалық газет-журналдарда жарияланған. «Бастау», «Жасыбай батыр», «Жаралы жердің жанары», «Хан Ием», «Алаш Арыстары» кітаптарын өскелең ұрпақ сүйсіне оқиды. Ол жас оқырмандар үшін «Бала Мәшһүр», «Ақбет таудан таң атады арайлы», «Таңбалы тас үңгірі», «Бөріқұлан атты туындыларын жазды.

Оқу марафоны 15 ақпанда басталып, 15 мамырға дейін жалғасты. Жас оқырмандар ақынның шығармаларын орындап, өлеңдерін жатқа оқыды. Е.Игнатовская мен О.Григорьеваның аудармаларының қазақ және орыс тілдеріндегі прозалық шығармалардан үзінділерді мәнерлеп оқыды. Б.Момышұлы атындағы мектептің 1«д» сыныбы, М.Катаев атындағы оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясы, Заря орта мектебінің оқушылары марафонға белсене қатысты. С.Баязитовтың немересі Нұрфараби Сүлеймен «Айналды шын досыма» өлеңін нақышына келтіріп, оқып берді. Оқу марафонына қатысқандардың барлығына алғыс хаттар табысталады. Кітапханада әр жылдары әртүрлі баспаларда басылған кітаптары мен С. Баязитовтің шағын мұражайы ұсынылған кітап көрмесі бар.
Жас оқырмандар, біз сіздерді балалар жазушысы және өлкетанушы С.Баязитовтың шығармашылығымен танысуға шақырамыз.