«Қызыл алма» арт – кеңістігі

5 маусым күні балалар әдебиеті бөлімінде «Шығармашылық демалыс академиясы» Жазғы оқулары бағдарламасының шеңберінде «Қызыл алма» арт – кеңістігі жұмысын бастады.

Арт - кеңістік - өз таланттарын дамытқысы келетін және барлық көріністерінде бейнелеу өнеріне қатысты қосымша ақпарат алғысы келетін балалар үшін бастапқы алаң. Жобаның мақсаты - ұлдар мен қыздарға өзін-өзі тануына көмектесу және шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Жоба шеңберінде әр түрлі өнер салаларындағы шеберлік сыныптарына қатысып (сәндік-қолданбалы өнер, мультипликация, графика, кескіндеме және т.б.), қаланың жас таланттарының шығармашылық жұмыстарының көрмелерін, бейнелеу өнері және көркемөнер тарихы бойынша фильмдер тамашалауға болады.
Жаңа жоба оқырмандардың қызығушылығын тудырады деп үміттенеміз, олар кітапханаға кітап алу үшін ғана емес, сондай-ақ арт – кеңістікке келуге мүмкіндік алады.