Ұлы Даланың жеті қыры

22 қараша күні облыстық кітапханада Павлодар қаласының Жоғарғы Оқу Орындары ғалымдарының мұрындық болуымен Президент Н.А.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аймақтың қоғам өкілдері – ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, «Рухани жаңғыру» кеңсесінің менеджерлері қатысты. Осыған орай облыстық кітапханада «Ұлы даланың жеті қыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме құрылымы Президенттің бағдарламалық тармақтарына сәйкес, онда атқа міну мәдениетінің дамуы, ежелгі металлургия, шеберлердің бұйымдарындағы аң стилінің дамуы, Есік қорғанынан табылған көне ескерткіштер, Ұлы Жібек жолы туралы кітаптар қойылды. Түркі өркениетінің генезисі мен дамуында ата-бабаларымыздың атқарған рөліне арналған бөлім ерекше бөлінген.