«Ұлы жібек жолымен» білім аукционы

22 ақпан күні балалар әдебиеті бөлімінде Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына арналған іс-шаралар аясында «Зерде» интеллектуалды клубының отырысы өтті.

Шара басында «Ұлы Жібек жолымен» тақырыбында ойын түріндегі білім ауционы өткізілді. Оқырмандар ежелгі сауда жолдарымен саяхат жасап, тауарлар туралы айтып, викторина сұрақтарына жауап берді, кітап көрмесінің материалдарымен танысты. Кейін «Ұлы Жібек жолының әлемдік өркениетті дамытудағы маңызы» тақырыбында дебат өткізілді. Клуб отырысы әдеби шолуымен аяқталды.