«Ұрпақтар сабақтастығы. Диалог поколений» атты жобаның тұсаукесері.

30 қаңтар балалар әдебиеті бөлімінде «Ұрпақтар сабақтастығы. Диалог поколений» атты жаңа жоба өз бастауын алды.

Жобаның мақсаты әр түрлі буын өкілдері арасындағы диалог үшін жағдай жасау және жас ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілікті, үлкендерді құрметтеу және ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтау болып табылады. Жоба қарт адамдармен және кітапхана оқырмандарымен бірлескен шығармашылық, оқу және бос уақыт түрінде жұмыс жасауды көздейді. Жоба қатысушыларының тағдыры арқылы ел тарихын зерттеу, балаларды аға буынға қамқорлық пен көмектесуге бағытталған іс-шараларға ұйымдастыру, қарт адамдарға әлеуметтік белсенділікті арттыру, аға буынның маңызы мен маңыздылығын арттыру, ұрпақ арасындағы рухани байланысты нығайту жобаның басты басымдықтары болып табылады.

Жобаның тұсаукесері Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар аясында өтті. Жобасының серіктестері «Замандас-Павлодар» ҚҚ өкілі Амиргалиева Н.А. және қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшесі Батталова М.Б. шараға қатысушыларды құттықтады, Чуваш әлеуметтік-мәдени орталығы, «Здревец» болгар ұлттық мәдени орталығы, румын-молдовалық мәдени-демалыс орталығы, балалар музыкалық мектебінің және № 39 мектептің 3-4 сынып оқушылары құттықтау сөз сөйлеп, өз өнерлерін паш етті. Кештің соңы ойынмен аяқталды. Келген қонақтарымызға ұжымның атынан кішігірім үстел жасалып, қонақжайлылық көрсетілді.