Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған оқырмандар конференциясы

19 қыркүйекте облыстық кітапханада Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романыны бойынша «Уроки истории и поиски духовности» атты оқырмандар конференциясы өтті. Іс-шара «Бір ел - бір кітап» Республикалық акциясы шеңберінде ұйымдастырылды.
Павлодар технология колледжінің 1 курс студенттеріне жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтер ұсынылып, кітап көрмесіне шолу жасалды.
Филология ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті, «Қазақ тілі және журналистика» кафедрасының профессоры С.Т. Елікпаев қазақ әдебиетінің дамуының белгілі кезеңдеріне және Әбіш Кекілбаевтың қоғамның руханиятын сақтаудағы еңбегінің маңыздылығына тоқталды.