Әдеби мейрам

18 қараша күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында орыстың ұлы ғалымы, дәрігері, табиғат зерттеушісі, жазушы және лексикограф Владимир Иванович Дальдың 220 жылдығына арналған әдеби танымдық шарасы өтті.

Шара барысында Славян мәдени орталығы қоғамдық кітапханасының сақтаушысы Н. Колодина және Т.Корешкова қазақ елінің тұрмысын, тілін, ауыз әдебиетін зерттеу мақсатымен қазақ ауылдарына жасаған экспедициялары мен әдеби шығармашылығы туралы ақпаратпен бөлісті. Халық даналығы білгірлеріне викторина өткізілді. Қатысушылар Ә.Теміржан және Г.Юниманның орындауында ән-шашу тамашалады.

Есте қаларлық датаға орай Славян мәдени орталығының көпшілік кітапханасы С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығымен бірлесіп мектеп оқушылары арасында «Пословица недаром молвится» атты шығармашылық оқу сайысы ұйымдастырылды.
Бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, халық баспасы, плакат, мүсін, көлемді экспозиция) және сәндік-қолданбалы өнер (кестелеу, халық қуыршақ, ағаш ою және т.б.) номинацияларында қатысушы кез келген бір немесе бірнеше халық мақал-мәтелдерін бейнелеуі керек.

Байқау қорытындысы мен қатысушыларды марапаттау әдеби аясында өтті.