Әдеби студия

27 наурыз күні облыстық кітапханада Халықаралық поэзия күніне арналған «Ертіс өңірі ақын - жазушыларының шығармашылығындағы отансүйгіштік тақырыбы» атты әдеби кездесу өтті. Іс-шара екі жыл бойы кітапханада жұмыс істеп келе жатқан «Әдеби студия» шығармашылық бірлестігінің қызметі аясында ұйымдастырылды.

Кітапхананың оқырмандары, түсті металлургия колледжінің студенттері, кітапханашылар ПМПУ - нің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, т.ғ.к. Л. Тоқатованың дәрісін тыңдады. Әдеби семинар барысында ақын, журналист және ұстаз В. Куприннің бастамасымен әуесқой ақын М. Загайчуктың өлеңдеріне талдау жасалды.