Әдістемелік Кеңес

7 қараша күні «Школа творчества и профессионального мастерства» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Павлодар облысының көпшілік кітапханалары әдіскерлерінің қатысуымен облыстағы кітапхана ісінің өзекті мәселелері бойынша Әдістемелік Кеңес ұйымдастырылды. Облыстық кітапхана мамандары ОКЖ жылдық ақпараттық және статистикалық есептерін құрастыру, ресімдеу, өлкетану қорларын сандық форматқа ауыстыру, облыс кітапханалары жанынан білім тарату орталықтарын құру бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді.

Іс-шара барысында «1-Библиотека», «6-НК» и БД «Библиотеки Казахстана: цифры и факты» кітапханалық есептілік бойынша статистикалық мәліметтер кестелерін толтыру ережелері мен талаптарына, балалармен жұмыс бойынша сапалы есептерді дайындау мәселелеріне, кітапхана қорларын жинақтауға, даналар мен атауларды анықтаудың проблемалық мәселелеріне, сондай-ақ Павлодар облысы кітаптарының бірыңғай базасын қалыптастырудың өзектілігіне ерекше назар аударылды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі, сандық жүйеге көшірілген мәліметтердің «КазНЭБ» және «Онлайн-библиотеки Павлодарской области» контенті талаптарына сай болу мәселесі талқыланды, «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен Назарбаев Университеті базасында көпшілік кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренингтің қорытындысы бойынша заманауи білім орталықтарын құру тәсілдері туралы ақпарат ұсынылды.
Кітапхана мамандары жоғарыда аталған сұрақтар бойынша мәселелерді талқылай келе, "Павлодар облысының Онлайн-кітапханасы" қоры үшін өлкетану қорларын цифрлауда кітапханалардың жұмысын жандандыру және өзектендіру, кітапханаларды қалалық және аудандық, сондай-ақ ауылдық білім орталықтарына қайта құру қажеттілігі мен маңыздылығы туралы бірыңғай пікірге келді. Кітаптарды сандық форматқа көшірумен айналысатын кітапханашылар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру шешілді. Іс-шараға барлығы 27 адам қатысты.