«Әлемнің нәзіктігі…» шығармашылық кеші

3 наурызда облыстық кітапханада «Истоки» әдеби – музыкалық клубының шеберінде 8 Наурыз мерекесіне арналған «Әлемнің нәзіктігі…» шығармашылық кеші өтті. Клуб қатысушылары Виктор Дирксен, Валентина Шалденкованың орындауында көктемге және нәзік жандарға арналған лирикалық әндер тыңдады. Клуб ақындары Млынцева Наталья, Вайберт Елена өздері жазған өлеңдерін оқыды. Іс – шара барлық әйелдерге жолданған бақыт, денсаулық, қуаныш, махаббат тілектерімен аяқталды.