«Өмір мен өлең ұйқасып ...»

4 қазанда «Кітап. Тұлға. Заман» жобасы аясында облыстық кітапханада Баянауыл орталық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен жас ақын Еламан Қабділәшіммен «Өмір мен өлең ұйқасып ...» атты кездесу кеші өткізілді.
Еламан Қабділәшім – жас ақын, «Өмірқос» атты жыр жинағының авторы, Баянауыл ауданының тумасы. Негізгі мамандығы - кітапханашы. Еңбек жолын Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында бастады.
2016 жылдан Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінің редакторы қызметін атқаруда. Республикалық деңгейде өткен «Дуэль» поэтикалық телебағдарламасының қатысушысы. Аудандық кітапханадағы «Жас ақын» клубының жетекшісі. 2018 жылы өткен Республикалық денгейдегі жас ақындар форумының ұйымдастырушысы. Көптеген сайыстардын жүлдегері, «Баян-жыр» Баянауыл ақындарының антологиясының құрастырушысы. Өлеңдері жас ақындардың республикалық «Жаңа ғасыр жырлайды» антологиясына енген.
Кездесу кешінде Еламан жастардың сұрақтарына жауап беріп, өз өлеңдерін оқыды. Ақынның шығармышылығы «Өмір мен өлең ұйқасып ...» атты көрмеде таныстырылды.