«Өнер – рухани байлық» атты кездесу кеші

21 қараша күні облыстық кітапханада сазгер, оқытушы, С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері Назымбек Сәбитұлы Дүкенбайдың 70 жас мерейтойына арналған  «Өнер – рухани байлық» атты кездесу кеші өтті.

Назымбек Дүкенбай сазгер ретінде 500-ден астам ән жазды, олардың ішінде 200-ден астамы балаларға арналған әндер. «Арқаның сырлы саздары», «Балаларға арналған әндер», «Балаларға базарлық», «Жүректен шыққан әуендер», «Жырлайды жүрек», «Астанам әсем – асқақ ән» жинақтарының, «Қазақ хандығы тарихынан...» атты музыкалық -  поэзиялық топтамасының авторы.  

Кездесу кешіне Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің оқушылары, ПМПУ, С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері, ұстаздар қатысты. Сазгер Н. Дүкенбай  «Ана», «Атасының немересі»  әндерін, студент жастар сазгердің  «Керей мен Жәнібек», «Елім - ай» әндерін орындады.

«Өнер – рухани байлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.